Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Меркі ауданында педагог-психологтар мен оқушыларға АИТВ-ның алдын алу жөнінде оқыту семинары өтті

​ 🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында арнайы семинар ұйымдастырды. Іс-шара екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде мектеп ұстаздары мен педагог-психолог мамандарына арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында мамандар АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және психологиялық қолдаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.

🔹Екінші кезеңде жоғарғы сынып оқушыларына ақпараттық-ағартушылық іс-шара ұйымдастырылып, жастар арасында АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, стигма мен дискриминацияны болдырмау мәселелері талқыланды. Оқушыларға АИТВ-дан сақтану жолдары, қауіпсіз мінез-құлық негіздері және денсаулықты сақтау мәдениеті жөнінде кеңестер берілді. Іс-шара барысы сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде ұйымдастырылды.

✅Бұл семинардың негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу, жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету және мектептердегі алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ мұғалімдер мен психологтардың білімін жетілдіру арқылы қауіптің алдын алуға ықпал ету болды.