🔰Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М. Бегманова Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерге арнайы дәріс оқыды. Дәріс барысында ол АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берді.
🔹Маман жастарды сақтану жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушіліктің алдын алу, қоғамда түсіністік пен қолдау көрсету қажеттігі де айтылды.
✅Білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша нақты әрі пайдалы жауаптар алды.