🔹 2025 жылдың 8 мамыр күні Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында «2024-2025 жылдардағы сәуір айы және 4 ай бойынша Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында жұмыс жиналысы өтті.
🔹 Жиынды орталықтың бас дәрігері Бағлан Қыдырбаев ашып, күн тәртібінде қаралатын маңызды мәселелерге тоқталып, аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға назар аударды. Ол өз сөзінде АИТВ инфекциясының таралуын бақылау, алдын алу шараларын күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстардың өзектілігін атап өтті.
🔹 Одан кейін сөз алған ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі О. Абдикеримова арнайы дайындалған баяндамасын ұсынып, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айындағы эпидемиологиялық көрсеткіштерге талдау жасады. Ол тіркелген жаңа жағдайлар саны, жұқтыру жолдары және қауіп топтарымен жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстар туралы мәліметтерді баяндады.
🔹 Жиын барысында Бағлан Жарылқасынұлы барлық құрылымдық бөлім басшыларына өз бағыттары бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізуді, халық арасында түсіндіру және ақпараттық-ағартушылық жұмыстарын күшейтуді, сонымен қатар тиімділікті арттыру мақсатында жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуді тапсырды.
🔹 Сондай-ақ, АИТВ инфекциясын ерте анықтау, осал топтармен жұмыс істеудің тиімді жолдарын табу және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады.
✅ Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алды.