🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова №5 қалалық емханада “Салауатты Ұрпақ – 2025” атты тақырыпта дәріс өткізді.
🔹Іс-шараның мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулығы және ЖЖБИ/АИТВ-ға қарсы іс-қимыл жүргізу, жастар арасында ВИЧ/ЖИТС инфекциясының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Дәрісте медициналық колледжінен 57 студент қатысты. Қатысушыларға ВИЧ инфекциясының берілу жолдары, қорғану шаралары және ерте диагностиканың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, дәріс барысында сұрақ-жауаптар, топтық жұмыстар арқылы студенттердің белсенділігі артты.
🔹Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар алды.
“Салауатты Ұрпақ – 2025” атты тақырыпта дәріс өтті
