73928 әскери бөлімінде ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай семинар-тренинг өткізілді. Семинар медициналық қызмет басшыларына арналып өткізілді, ары қарай әр басшымен өз әскери бөлімінде ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Қорғаныс Министрлігіне қатысты бөлімдерден басқа ҰҚК мен авиация бөлімдері де шақыртылды. АИТВ/ЖИТС жөнінде білім деңгейлеріне семинардан бұрын және семинардан кейін сауалнама, «Қауіп шәкілі», «Құпиялылық», «Даулы пікірлер» тренингі жүргізілді. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайдан басқа да өзекті мәселелер қаралды. Еске алу күнінің мақсат-міндеттері түсіндірілді. Ақпараттық-білім беру материалдары (бүктемелер, плакаттар) таратылды.