🔹 2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Осы апталық аясында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының ұйымдастыруымен №6 қалалық емханада ақпараттық семинар өткізілді.
🔹 Іс-шараға гинеколог-дәрігерлер, психологтар және алдын алу бөлімінің мамандары қатысты.
🔹 Семинар барысында орталықтың эпидемиолог-дәрігері И.Досымова халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу, отбасы жоспарлау мен жауапты ата-аналық мәдениетін қалыптастыру тақырыптарында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹 Сонымен қатар, мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні екенін айтып, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.
Репродуктивті денсаулық апталығы аясындағы семинар
