Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Медициналық колледжде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова Тараз қаласындағы медициналық колледждің студенттеріне арнап АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ағартушылық дәріс өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – болашақ медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, дұрыс түсінік қалыптастыру және алдын алу шараларын үйрету болды.

Дәріс барысында эпидемиолог маман АИТВ-ның жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері, заманауи диагностика мен емдеу мүмкіндіктері жайында жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттермен белсенді пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың тақырыпқа қатысты сұрақтарына нақты әрі кәсіби жауаптар берілді.

Іс-шараны қызықты әрі тиімді ету мақсатында қатысушылар арасында танымдық ойындар ойнатылды. Бұл тәсіл студенттердің тақырыпты жақсы меңгеруіне және өз көзқарастарын қалыптастыруына септігін тигізді.