🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева мен М.Бегманова “Отбасы банк” АҚ Тараз қаласындағы кеңес беру орталығы қызметкерлері мен тұтынушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары және қорғану шаралары туралы жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
🔹Іс-шараның мақсаты – АИТВ инфекциясы туралы қоғамда дұрыс көзқарас қалыптастыру, стигма мен кемсітушілікті азайту, сондай-ақ тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.
🔹Кездесу барысында мамандар қатысушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, оның ағзаға әсері, дер кезінде анықтау және емдеу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, ерте диагностиканың маңыздылығы, алдын алу шаралары және салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары талқыланды.
🔹Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Сондай-ақ, ақпараттық-білім беру материалдары — бүктемелер мен парақшалар таратылды.
“Отбасы банк” кеңес беру орталығында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
