Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл ауданында АИТВ/ЖИТС бойынша семинар өтті

 

28 мамыр күні Жамбыл аудандық орталық ауруханасы мен емханасында «АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, нормативтік-құқықтық актілер және инфекцияның алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының таралу деңгейімен, жаңа нормативтік-құқықтық база талаптарымен, АИТВ-ға скрининг жүргізу тәртібімен және инфекцияның алдын алу шараларымен таныстыру болды.

Семинар бағдарламасы келесі негізгі бағыттарды қамтыды:

  1. Жамбыл облысы және республика бойынша АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай.
  2. Медицина ұйымдарындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар және жаңа нормативтік-құқықтық актілерге шолу, соның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы – АИТВ инфекциясына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары.
  3. АИТВ инфекциясына тексерілуге жататын контингенттерді анықтау және кәсіби жұқтырудың алдын алу шаралары.
  4. АИТВ, сифилис және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу.
  5. Доконтакт және постконтакт профилактиканың маңыздылығы мен АИТВ статусын білу қажеттілігі.
  6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері.
  7. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру.

Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог-дәрігерлері Д.Абдраманова мен И.Досымова және емдеу бөлімінің инфекционист-дәрігері С.Токбураева.

Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ инфекциясына қатысты өзекті ақпаратпен танысып, практикалық ұсынымдар алды. Мамандар алдын алу, кәсіби қауіпсіздік және кемсітушілікті алдын алу мәселелерін кеңінен түсіндіріп, семинар белсенді әрі нәтижелі өтті.