🔹 Жамбыл облыстық АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының жылжымалы тобы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне арналған түсіндіру шарасын ұйымдастырды.
🔹 Шара барысында орталықтың эпидемиолог-дәрігері С.Дулатбаева қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша жаһандық, республикалық және облыстық деңгейдегі эпидемиологиялық ахуал, вирустың берілу жолдары, алдын алу тәсілдері мен оның ағзаға әсері жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан қорғану, В және С вирустық гепатиттерінің таралуын болдырмау бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар мен бүктемелер таратылды.
🔹 Іс-шара соңында ЖИТС орталығының мейірбикелері 54 қызметкерден ИФА әдісімен қан сынамасын алды. Нәтижелері әр адамға дербес түрде хабарланатын болады.