🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласының жастары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара жастардың АИТВ/ЖИТС туралы білімін арттыру, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
🔹Мобильді топ қаладағы оқу орындары мен жастар көп шоғырланатын орындарды аралап, жастарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, қорғану тәсілдері, ерте анықтаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді.
✅Жастар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі ғылыми негізделген жауаптар алды.