⚜️15 маусым – Медицина қызметкерлері күніне орай Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Бұл атаулы күн аясында медицина саласының майталмандарына құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы рөлі мен еңбегі ерекше атап өтілді.
⚜️Шараны орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы ашып, барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол сондай-ақ орталықтың денсаулық сақтау саласындағы табанды еңбегін атап өтіп, осы жылдар ішінде қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды. Бас дәрігер жүректен шыққан құттықтау лебізінде әріптестерінің кәсіби шеберлігі мен қоғам алдындағы жауапкершілігін жоғары бағалап, алдағы уақытта да табыс пен жаңа биіктер тіледі.
⚜️Салтанатты жиын барысында бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Қалметова Гүлжан Алдабергенқызы да сөз алып, әріптестерін мерекемен құттықтап, олардың денсаулық сақтау саласына қосқан үлесін жоғары бағалады.
⚜️Мерекелік іс-шара одан әрі “Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс” атты шығармашылық бағдарламаға ұласты. Эпидемиологиялық қадағалау және алдын алу бөлімінің мамандары ұйымдастырған бұл бағдарлама көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
⚜️Іс-шара барысында эпидемиолог дәрігер Виктор Когай тамаша ән орындаса, эпидемиолог дәрігер Айгерім Иргебаева жүрек тебірентер поэзиялық шумақтар оқыды. Сонымен қатар, эпидемиолог көмекшісі Ұлбану Абдимуталиф жан тебірентер монологымен көрермендердің қошеметіне бөленді.
⚜️Мерекелік кеште орталықтың барлық бөлімдері ерекше номинациялар бойынша марапатталып, еңбектері бағаланды. Шара “Ақ халатты абзал жандар” атты әсерлі әнмен қорытындыланды.
⚜️Іс-шара соңында орталықтың бірқатар қызметкерлері кәсіби жетістіктері үшін арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Медицина қызметкері күніне арналған мерекелік шара өтті
