Сіздерді кәсіби мерекеміз – 15 маусым – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
⚜️Медицина – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен жүрек пен шексіз мейірімді талап ететін ізгілікті кәсіп. Сіздер күнделікті тынымсыз еңбектеріңізбен адамдарға үміт сыйлап, өмірлерін сақтап, денсаулықтарын жақсартуға көмектесіп келесіздер. Сіздердің кәсіби істеріңіздің адалдығына және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігіне шексіз ризашылығымды білдіремін.
⚜️Осы қуанышты күнде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілеймін! Орталығымыз алдағы уақытта да жаңашылдық пен сапаны алға қойып, халық денсаулығын жақсарту жолында табысты еңбек ете береді деп сенемін.
⚜️Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер!
Жарқын болашақ жолында бірлесе еңбек етейік!
Ізгі тілекпен,
Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері.