🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды жұмыс жүргізілуде. Мекеме қызметкерлеріне жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жолдары түсіндірілуде.
🔹Осыған орай, орталықтың комплаенс маманы Мадина Есдәулетова АИТВ инфекциясының алдын алу және эпидемиологиялық қадағалау бөлімі қызметкерлерімен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
✅Мақсат – әрбір қызметкердің құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық пен әділдікке негізделген орта қалыптастыру.
📍Құрметті әріптестер! Егер сізде сұрақтар туындаса немесе қосымша кеңес қажет болса, комплаенс офицеріне тікелей хабарласыңыз. 📲Бірге – таза қоғам құрамыз!