Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ – адам иммун тапшылығы вирусы

 

АИТВ – адамның ағзасына қан, жыныстық жол, немесе анадан балаға тігінен берілу арқылы жұғады.

Бірақ қол алысу, құшақтасу, жалпы ыдыс, спортпен айналысу немесе жәндік шағу арқылы АИТВ жұқпайды.

Білесіз бе?

АИТВ-ны тек ИФТ әдісімен қан нәтижесін тексеру  және жедел тест арқылы анықтауға болады.

Сырт келбеттен білу мүмкін емес!

Егер вирус ерте анықталса – өмірді толық, әрі сапалы жалғастыруға болады.

Арнайы дәрі-дәрмектер АИТВ-ның дамуын тоқтатады.

АИТВ оң нәтижелі анадан баласына жұғуы мүмкін, егер анасы дұрыс ем қабылдаса  бұл қауіптің алдын алуға болады!

АИТВ-дан қалай сақтануға болады?

Әрқашан мүшеқап қолдан

Тек таза инъекциялық құралдар пайдалан

Татуировка, пирсинг жасатқанда – құралдардың тазалығына көз жеткіз

Медициналық тексеруден уақытында өт

АИТВ туралы нақты ақпарат ал!

АИТВ жұқтырған адам – қоғамнан шеттетілмеуі тиіс.

Олар да толық өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, отбасын құруға құқылы.

АИТВ-ға тегін және анонимді түрде тексеріл:

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №64/Г.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы.