Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз қаласындағы ІІМ мекемелерінде АИТВ -инфекциясын алдын алу жұмыстары жүргізілуде

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы ІІМ мекемелерінде АИТВ -инфекциясын алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

🔹2025 жылғы 9 шілде күні Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және онымен күресу орталығының мобильді тобы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тараз қаласы Полиция басқармасына қарасты Уақытша ұстау изоляторы мекемесінің қызметкерлеріне медициналық тексеру жұмыстарын жүргізді.
🔹Атап айтқанда, қызметкерлерден иммунды-ферменттік талдау (ИФТ) әдісімен қан үлгілері алынып, АИТВ инфекциясына тестілеу ұйымдастырылды. Бұл шара – құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында АИТВ-ның алдын алу және ерте анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
✅Шара барысында орталықтың мамандары АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары және ерте диагностиканың маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.