🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне профилактикалық медициналық тексеру жүргізді.
🧪 Қызметкерлерден АИТВ инфекциясына ИФТ әдісімен (иммунды-ферменттік талдау) қан алу және жедел тестілеу ұйымдастырылды.
📍Шараның мақсаты — қызметкерлер арасында АИТВ-ны ерте анықтау және алдын алу.
✅Сонымен қатар орталық мамандары АИТВ-ның:
▫️ берілу жолдары
▫️ қорғану әдістері
▫️ ерте диагностикасының маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.