Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының психолог маманы Г. Шамурзаева және мейірбикелер А. Кокибаева мен А. Науанова Тараз қаласындағы бірқатар нысандарда ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.
📍 Іс-шара аясында Төле би көшесінде орналасқан келесі мекемелер қамтылды:
▪️ «ТАРАЗ ҚАЛАСЫ әкімдігінің МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ» КММ; Жилстройбанк; Нотариус кеңсесі; “DikS” ерлер киімі дүкені; “WEDRINK” кофеханасы; “ADILET” азық-түлік дүкені; “NAIL • STUDIo”; “Belle” сұлулық салоны
🔍 Қызметкерлер мен келушілерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар қажетті кеңестер ұсынып, ақпараттық материалдар таратты.