Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясы жайында дәріс өтті.
Эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова жастармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, АИТВ инфекциясының жұғу жолы, алдын алу туралы жан-жақты түсіндірді.
Дәрістің негізгі тақырыптары:
АИТВ қалай жұғады?
– Қан арқылы
– Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде
– Жүктілік кезінде анадан балаға
Қауіптің алдын алу жолдары:
– Жеке қорғану мәдениеті
– Жауапты мінез-құлық
– Уақытылы тестілеуден өту
Спикерлер АИТВ-ны ерте анықтау мен антиретровирустық терапияның адамның өмір сапасын арттырудағы және аурудың таралуын тоқтатудағы рөліне ерекше тоқталды.
Кемсітушілік пен стигмаға қарсы тұру – әрбір азаматтың жауапкершілігі!
⠀
Іс-шара соңында студенттерге ақпараттық материалдар таратылып, инфекциядан қорғану тәсілдері туралы айтылды. Жастар белсенділік танытып, мамандарға сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.