Тараз қаласындағы №13 орта мектепте ЖИТС орталығының мамандарының қатысуымен оқушыларға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында оқушыларға АИТВ-ның алдын алу және кемсітушілікке жол бермеу тақырыбында ақпараттық материалдар мен бүктемелер таратылды.