Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ алдын алу ашық есік күні өтті

 

Байзақ аудандық орталық ауруханасының Әйелдер кеңес беру бөлімінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай тұрғындарға арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ашық есік күні өткізілді.
Шара барысында мамандар жүкті әйелдерге АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары мен қорғану тәсілдері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерте диагностиканың маңызы, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы тиімді тәсілдер ерекше атап өтілді.
Қатысушыларға ақпараттық оқу материалдары таратылып, тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетілді, бұл ақпаратты жеңіл қабылдап, дұрыс түсінуге мүмкіндік берді.
Мамандар жүкті әйелдердің жеке сұрақтарына жауап беріп, денсаулықты сақтау бойынша пайдалы кеңестер ұсынды.