Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының №6 сенім пункті мен №6 емханасының жастар денсаулық орталықтары бірлесіп, тұрғындарға арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ашық есік күнін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу жөнінде дұрыс ақпарат беру, жауапты мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушыларға тегін кеңес алу, жылдам тестілеуден өту және дәрігер-мамандармен әңгімелесу мүмкіндігі ұсынылды.