Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттеріне арналған ақпараттық дәріс

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттеріне арналған ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында маман Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде жүзеге асырылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстың маңыздылығын түсіндірді.
Дәріс аясында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы кеңінен қамтылды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, орталық маманынан жан-жақты әрі кәсіби жауаптар алды.