

Тастөбе ауылында орналасқан Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің жоғары сынып оқушыларына Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманованың қатысуымен ақпараттық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары және тұрақты ақпараттандырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық пен салауатты өмір салты туралы мәліметтер берілді.
Кездесу соңында оқушылар сұрақ қойып маманнан кәсіби жауаптвр алынды.
Сонымен қатар, ЖИТС орталығының мейірбикесі А.Кокибаева ақпараттық бүктемелер таратып, қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.