
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «АИТВ, сифилис және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ф. Ниязалиева ұйымдастырды. Семинар барысында ана мен бала денсаулығын қорғау, инфекциялардың алдын алу, ерте анықтау, жүкті әйелдерді бақылау және уақытылы емдеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Семинар-тренингте қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, тәжірибелік ұсыныстармен танысты.
Мақсат – мамандардың кәсіби білімін арттыру және анадан балаға жұғатын инфекциялардың алдын алу шараларын күшейту.