
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласындағы №5513 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінен өз еріктерімен ИФТ әдісі арқылы қан сынамасын алды. Қан тапсыру жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізілді.
Қан тапсыруға келген қызметкерлерді тіркеу барысында орталықтың психолог маманы Г. Шамурзаева оларға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы қысқаша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпарат бүктемелер берді.
Ал орталықтың медбикелері Г. Иманбаева мен Э. Ибрагимова санитарлық талаптарды сақтай отырып, қызметкерлерден кезекпен қан сынамасын алды.