Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

“Парасат” колледжі студенттерімен АИТВ жөніндегі ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері Н. Бердіш және психолог маманы А. Талапбек “Парасат” колледжінің студенттерімен ақпараттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын атап өтті.
Сондай-ақ АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсетіліп, студенттерге ақпараттық-білім беру бүктемелері таратылды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі кәсіби жауап алды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу.