Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№15 мектеп-гимназиясында алдын алу бағытындағы шара ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Н. Бердіш пен психолог А. Талапбек №15 мектеп-гимназиясының қызметкерлеріне арналған түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы кең көлемде мәлімет ұсынылды. Сонымен бірге, аурудың берілу жолдары, сақтану тәсілдері және адам ағзасына тигізетін әсері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Бұдан бөлек, жыныстық жолмен таралатын инфекциялар, В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу шаралары жөнінде де ақпарат беріліп, арнайы жадынамалар үлестірілді.
Іс-шара аясында орталық мамандары мектептің медициналық кабинетінде иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісі арқылы тегін тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру ерікті түрде, заң талаптарына сәйкес және толық құпиялылықты сақтай отырып ұйымдастырылды.
Ұжым мүшелерін жұмыстан бөлмей өткізілген бұл шара көпшілікті қамтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, күнделікті қарбалас тіршілікте АИТВ-ға дер кезінде тексеріліп тұрудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.