]
2026 жылғы 29 сәуірде Мойынқұм аудандық орталық ауруханасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары – эпидемиолог дәрігер Абдраманова Д.Е. және инфекционист дәрігер Токбураева С.Д. жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстыру, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру, АИТВ-ға тестілеу тәртібі мен алдын алу шаралары жөнінде ақпарат беру болды.
Семинар барысында АИТВ/ЖИТС бойынша өңірдегі және республикадағы ахуал, медициналық ұйымдардағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар, АИТВ-ға міндетті құпия медициналық тексеру ережелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, тәуекел топтарын тексеру, кәсіптік жұқтырудың алдын алу, анадан балаға АИТВ, сифилис және С гепатитінің берілуінің алдын алу мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу, өз мәртебесін білудің маңыздылығы, доконтактты және постконтактты профилактика тәсілдері түсіндірілді. Бұдан бөлек, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу қажеттілігі атап өтілді.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.