
Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары Н. Абугалиева мен Г. Иманбаева Тараз қаласының тұрғындары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Ақпараттық шаралар қаладағы адам көп жиналатын нысандарда ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «ANATREDE» сауда орталығы, «FIRKAN», «Sulpak» дүкендері, «TELE2» қызмет көрсету орталығы, «Салтанат» базары мен аялдамасы, әлеуметтік жеміс-жидек дүкені, ұялы телефон сататын сауда орындары және жаяу жүргіншілер аймағы қамтылды.
Кездесу барысында тұрғындарға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, одан қорғану әдістері, дер кезінде тексерілудің маңыздылығы және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәселелері жөнінде кеңінен мәлімет берілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы ақпараттық жадынамалар мен танымдық материалдар таратылып, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға түсінікті жауаптар ұсынылды.