
Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында орталықтың мейірбикелері А.Никулина мен Э.Ибрагимова Тараз қаласындағы бірқатар сауда орындары мен дәріханаларда болып, келушілермен кездесті. Ақпараттық жұмыстар «Dekolte», «Aiana», «STYLE ROOM» дүкендерінде, «Витамин» ЖШС және «Zerde» дәріханаларында, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын аумақтарда жүргізілді.
Кездесу кезінде тұрғындарға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, уақтылы тексерілудің маңызы және жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарау қажеттілігі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды түсіндірмелер ұсынылды.