
Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында орталықтың мейірбикелері Тоғанбай Нұрдана Қайратқызы мен Момынтаева Майра Мырзадилқызы Тараз қаласындағы «Дим-Ко» кондитерлік дүкенінде, «Korzinka» және «Firkan» супермаркеттерінде, «Балмұздақ» дүкенінде, «Fast Food» және «Lavosh City» сауда нысандарында, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын аумақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары, дер кезінде тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-танымдық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар мен түсіндірмелер ұсынылды.