
Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары тұрғындардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жалғастыруда.
Осы бағыттағы іс-шара аясында орталықтың мейірбикелері Тоғанбай Нұрдана Қайратқызы мен Момынтаева Майра Мырзадилқызы Тараз қаласындағы «Asmol», «AI Parfume», «Daniko», «Ramzes», «Leci Shop Taraz», «Doner & Burgers», «Parfum Gold» сауда нысандарында, «Qaryz Zaim» микроқаржы ұйымында және «Продукты» дүкенінде болып, келушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер көп жүретін қоғамдық орындарда да ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Тұрғындарға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, инфекциядан сақтану шаралары, ерте диагностиканың маңызы және салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, олардың сұрақтарына мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.