Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығы мамандары мен Жамбыл аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың АИТВ-инфекциясы туралы білімін арттыру, инфекциядан сақтану жолдарын түсіндіру және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Қатысушыларға АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, жастардың сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды.