Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығы мамандары мен Жамбыл аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың АИТВ-инфекциясы туралы білімін арттыру, инфекциядан сақтану жолдарын түсіндіру және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Қатысушыларға АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, жастардың сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды.