
Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы жастар көп шоғырланған орындардың бірінде, Тараз қаласында ұйымдастырылған кешкі концерт барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру, инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Мобильді топ мамандары жастарға АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы түсіндіріп, ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратты.