Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары

А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының ұжымында АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігерлері Н. Бердіш және Смаил Мадина қатысты.
Іс-шара барысында 136 адамнан АИТВ-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін ИФТ әдісімен қан алынды.
Кездесу барысында мамандар АИТВ инфекциясының алдын алу, оның жұғу жолдары, уақытылы тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы ақпарат берді.