Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ТОО «Shengtai Biotech Co., Ltd»кәсіпорнында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін ірі өндіріс орны ТОО «Shengtai Biotech Co., Ltd» кәсіпорын.

Жаңа кәсіпорында кәсіпорында 5 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді, олардың басым бөлігін Қытай Халық Республикасының азаматтары құрайды.
Жұмысшылар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, оның берілу жолдары және жеке қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева қатысты. Маман жұмысшыларға АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте диагностиканың маңыздылығы, инфекцияның берілу жолдары және АИТВ-ға тестілеуден өтудің қажеттілігі жөнінде түсіндірді.
Сонымен қатар, орталықтың медбикелері С.Сугирбекова, Э.Шотаева кәсіпорында еңбек ететін Қазақстан Республикасының азаматтары арасында АИТВ инфекциясына ИФТ әдісімен қан үлгілерін алу жұмыстарын жүргізді. Барлығы 508 жұмысшыдан ИФА-ға қан алынды.
Кәсіпорындағы жастар арасында да АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында жеке түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.