Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖФ АО «Алель Агро» кәсіпорнында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті

31 тамыз 2026 жылы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары ЖФ АО «Алель Агро» кәсіпорнында АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Алель Агро» – құс шаруашылығы және құс етін өндіру мен қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін ірі отандық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның Жамбыл облысындағы филиалы құс өсіру, құс етін өндіру және құрамажем дайындау бағыттарында өндірістік жұмыстар атқарады.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері М.Смаил АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, ерте диагностиканың маңыздылығы және АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтудің қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, орталықтың медбикелері С.Сугирбекова және М.Момынтаева өз еріктерімен ниет білдірген қызметкерлерден АИТВ инфекциясына ИФТ әдісімен қан алу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 190 қызметкерден ИФТ-ға қан үлгісі алынды.
Ақпараттық-түсіндіру барысында салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.