
Жаңа оқу жылы – әр бала үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, ерекше көңіл-күймен басталатын маңызды кезең. Мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтардың алдын ала дайын болуы баланың оқу жылын сенімді әрі көтеріңкі көңіл-күймен бастауына ықпал етеді.
Осыған орай, «Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен!» акциясы аясында балаларға қолдау көрсетілді.
Игі бастамаға Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының кәсіподақ ұйымы қолдау білдіріп, балаларға қажетті мектеп құралдары мен оқу керек-жарақтарын алып берді. Аталған бастаманы орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы да қолдады.
Мұндай қайырымды іс – балаларға қамқорлық көрсетудің, олардың білім алуға деген ынтасын арттырып, жаңа оқу жылын қуанышпен бастауына жағдай жасаудың жарқын үлгісі.