
4 қыркүйек 2026 жылы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары «BILIM» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында колледж қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, ерте диагностиканың маңыздылығы және АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтудің қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері М. Смаил АИТВ инфекциясының алдын алу, инфекциядан қорғану жолдары және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, орталықтың медбикесі Н. Тоғанбай өз еріктерімен ниет білдірген колледждің 20 қызметкерінен АИТВ инфекциясына ИФТ әдісімен зерттеу үшін қан алды.
Ақпараттық-түсіндіру барысында салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық, жеке қауіпсіздік және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.