Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Меркі қант зауытында ақпараттық жұмыстар жүргізілді

Меркі қант зауыты – Меркі ауданының орталығы Меркі ауылында орналасқан агроөндірістік кәсіпорын. Зауытта қант қызылшасы өңделіп, қант өндіру бағытында өндірістік жұмыстар атқарылады.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева кәсіпорын қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу, оның берілу жолдары, инфекциядан қорғану шаралары, сондай-ақ АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, орталықтың медбикелері М.Момынтаева және В.Мартынова АИТВ-ға тестілеуден ерікті түрде өтуге ниет білдірген кәсіпорын қызметкерлерінен иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісімен қан үлгілерін алды.