Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Республика күніне орай Тараз қаласындағы Президент саябағында ұйымдастырылған іс-шара барысында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар мерекелік іс-шараға қатысқан тұрғындар мен жастарға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы ақпарат беріп, ақпараттық бүктемелер таратты.
Іс-шараның мақсаты – халықтың, әсіресе жастардың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және инфекцияның алдын алуға бағытталған сақтық шараларының маңыздылығын түсіндіру.