Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында орталық маманы М.Т. Смаил АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Студенттерге салауатты өмір салтын ұстанудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық буклеттер таратылды.
Сонымен қатар, колледж оқытушыларының өз еркімен келісім білдіруі бойынша ИФТ әдісі арқылы қан үлгілері алынды .