Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында АИТВ-ның алдын алу бойынша өткізілген семинар.
АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша облыстық жедел жәрдем станциясының медициналық қызметкерлері үшіноблыстық ЖИТС орталығының мамандары 19.09.2018 жылы семинар өткізді. Семинар аталған мекеменің 19.09.2018 жылғы №102 ішкі бұйрығы негізінде өткізілді. Дәрігер эпидемиолог Дегтерева И.И. өзінің презентациясында 90-90-90 стратегиясы туралы баяндады, Жамбыл облысында және Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат берді. Кәсіптік қызмет көрсетуде АИТВ-ның берілу жолдары туралы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғ.Садыбекова ақпарат берді. АИТВ/ЖИТСпен өмір сүретін адамдарға қызмет көрсету бойынша медициналық қызметкерлер жағынан кемсітушілікке жол бермеу ұсынылды. Жүргізілген семинарға дейін және кейін АИТВ біліміне сауалнама жүргізілді.