№ 6 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне “Стратегия 90-90-90” тақырыбында 

семинар өткізілді. Баяндаманы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімшесінің 

меңгерушісі Ғалия Садыбекова және дәрігер-эпидемиолог Ирина Дегтерева жүргізді. 

20-дан астам дәрігер мен медбикелер Ирина Дегтереваның баяндамасынан ҚР мен Жамбыл 

облысындағы АИТВ мен ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде хабардар болды. 

Сонымен қатар дәрігер-эпидемиолог кәсіби жұқтырудың алдын алу бойынша, қолданыстағы 

нормативті актілермен жұмыс туралы және басқа да арнайы мәселелерді қолға алу жайында сөз етті. 

Өз кезегінде халық арасында АИТВ-індетінің алдын алу шаралары бойынша Ғалия Садыбекова 

кеңестік-әдістемелік сұхбат жүргізді. Атап айтқанда отбасын құру кабинеті, жүктілер мен жастарға 

арналған СӨС кабинеттері жөнінде тоқталды. Облыстық орталық біздің қызметкерлер үшін жүйелі 

түрде семинарлар өткізіп, жаңа ақпараттар беріп отырады. Жамбыл 

облыстық ЖИТС орталығының мамандары барлық қызықтырушы сауалдарға жауап береді.