Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының достық кабинеті Тараз қаласы мен Жамбыл облысының жастарын АИТВ-жұқпасына жасырын, тегін, құпия түрде тексерілуге шақырады. Жедел әдіспен (нәтижесі 10 минуттан кейін) және иммунды ферменттік әдіспен (нәтижесі қан тапсырғаннан кейінгі келесі күні) тексеруден өтуге болады. Сондай-ақ сіз жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға (мерезге және хламидияға жағынды) тексеруден өтіп, дерматовенеролог дәрігерінің кеңесін және ұсыныстарын ала аласыз.
Біз Сізді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Тараз қаласы, Төле би көшесі 64г (бұрынғы қалалық аурухана)