2020 жылдың 11 наурызында №25 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына дәріс өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының әлеуметтанушысы Мереке Бегманова Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС берілу жолдары мен факторлары, алдын алу шаралары, АИТВ зерттеу әдістері, эпидемиологиялық ахуал туралы айтты. Дәріскер жастардың өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарау, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын сақтау керектігіне баса назар аударды. Оқушылардың сұрақтартарына толық жауаптар берілді. Іс-шарамен 58 адам қамтылды.