Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология және алдын алу бөлімінің мамандары Калметова Г. А., Тұрғынбаева А.Д., Шу аудандық орталық ауруханасы және қалалық емханасы медициналық қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді. Сонымен қатар семинарда ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен және де клиникалық сондай-ақ, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ-инфекциясына зерттеп қарау бойынша, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді уақытылы тексеру жөнінде айтылды.