2022 жылы  8 қарашаcында  Сарысу аудандық  медициналық  ұйымдардағы  АИТВ-инфекциясының алдын алу  тақырыбында  семинар өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының  дәрігер эпидемиологы Калметова Г.А. ұйым қызметкерлерін  АИТВ -инфекциясы бойынша  нормативтік-құқықтық актілері  кесіндісінде бекітілген  халықты тестілеудің  өзектілігі  туралы  ақпарат берді. Жүкті әйелдердің  жыныстық  серіктестерін  АИТВ-ға  тексеруге, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері  бойынша  тестілеу  мәселелеріне басты  назар аударды. Кітапшалар мен буклеттер таратылды. Шараға 30-дан астам адам қатысты.